Жаңалықтар
Ақыл мен стратегия жеңісі: NIS оқушылары көш бастады
17 ақпан 2026 13:21
Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары шахматтан қалалық чемпионатта топ жарып, мектебіміздің абыройын асқақтатты. 9-сынып оқушысы Байдаулетов Рамзан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында рапид шахматтан Қостанай қаласының чемпионатында І орын иеленді.
7-сынып оқушысы Смағұлов Әләзиз 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында І орын алып, жоғары шеберлігін дәлелдеді. Бұл жетістіктер – тынымсыз еңбектің, зейін мен стратегиялық ойлаудың айқын нәтижесі.
Жас шахматшыларымызға алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!