Жаңалықтар
Ата-аналар апталығы: мектеп пен отбасының бірлігі
23 қаңтар 2026 10:27
Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2026 жылғы 19–23 қаңтар аралығында Ата-аналар апталығы өтті.
Апталықтың тақырыбы – «Мектеп пен отбасы: мектеп құндылықтарын дамытудағы бірлескен көзқарас». Негізгі мақсаты – мектеп пен отбасы арасындағы серіктестікті нығайту, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құндылықтарын қалыптастыру, үйлесімді, жауапты әрі әлеуметтік белсенді тұлғаны дамыту.
Апталық аясында ата-аналар мен оқушылардың белсенді қатысуымен мазмұнды әрі қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды:
«Менің отбасым» атты отбасылық фотосуреттер галереясы
Қолөнерден тігін тігу бойынша шеберлік сағаты
Ата-аналармен бірге караоке кеші
Кітапхана жобаларымен танысу
Өндірісте пицца мен нан дайындауға арналған мастер-класс (Pizza party)
Жедел жағдайда алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабағы
«Ход конем» шахмат турнирі
Оқушыларға арналған KIA автозаводына кәсіби бағдар беру экскурсиясы (автокөлік өндірісінің толық циклімен танысу)
3D-қозғалыстарға негізделген «Ақылды фитнес» – дұрыс қалыпты қалпына келтіруге бағытталған жаттығулар
«Спорттық рух»: мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы жолдастық футбол матчы
«Спорттық рух»: мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы жолдастық волейбол матчы
Ата-аналар апталығы мектеп пен отбасы арасындағы өзара сенімді арттырып, ортақ құндылықтарды дамытуға бағытталған тиімді алаңға айналды. Барша қатысушыларға белсенділік пен қолдау үшін алғысымызды білдіреміз!