logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Қостанай оқушысы Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс жүлдегері

23 қаңтар 2026 10:17

XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін асқақтатты. Халықаралық білім додасында NIS командасы 6 алтын, 5 күміс және 8 қола медаль иеленіп, терең білім мен жүйелі дайындықтың айқын үлгісін көрсетті.

Осы жетістіктердің қатарында Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Игорь Сапрыкиннің математика пәні бойынша күміс медаль жеңіп алуы – ерекше мақтаныш.
Жетекшісі – С. Козловский.

Игорьді және оның жетекшісін зор жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!