Жаңалықтар
NIS Қостанайда тақырыптық педагогикалық кеңес өтті
29 желтоқсан 2025 10:00
Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тақырыптық педагогикалық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелердің бірі – «Оқушылардың амандығы: қауіпсіздік пен қолдау бағыты қаралды.
Сондай-ақ, педагогтерге арналған «Оқушылардың когнитивтік емес дағдыларын дамытуға қатысты әдістемелік ұсыныстар» тақырыбында мазмұнды талқылау жүргізілді. Іс-шара барысында мектеп ұжымы топтарға бөлініп, кейстерді талқылап, түрлі жағдайлар бойынша әрекет алгоритмін пысықтады. Топтық жұмыстың нәтижелері ортақ сессияда ұсынылып, қорытындыланды.
Бұл педагогикалық кеңес барысында мұғалімдер оқушыларға қауіпсіз, жайлы және қолдау көрсететін орта қалыптастыруға, сондай-ақ олардың жеке және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді шешімдер қабылдады.