logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Қостанай мұғалімі республикалық марапатқа ие болды

29 желтоқсан 2025 09:48

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Дмитрий Ченцов Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК тарапынан берілетін «Дене шынықтыру саласының үздік қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Дмитрий Ченцов 2015 жылдан бері NIS Қостанайда табысты еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол өзін жоғары кәсіби біліктілігімен, жауапкершілігімен және спортты дамытуға қосқан үлесімен таныта білді.

Айта кету керек, ұстаздың еңбегі бұған дейін де жоғары бағаланған:
2022 жылы – Мұғалімдер күніне орай Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды;
2023 жылы – Мәдениет және спорт министрлігінің төсбелгісіне ие болды. Бұл марапаттар ұстаздың оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жас спортшыларды тәрбиелеуге бағытталған тынымсыз еңбегінің айқын дәлелі. Ұстазымызды осы мәртебелі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, шәкірттеріңізге жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!