logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Берік отбасы» бағдарламасы қорытындыланды

26 желтоқсан 2025 09:43

Мектебімізде 7 сынып оқушыларына арналған «Берік отбасы» бағдарламасы сәтті аяқталды. Бағдарлама жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға және отбасылық құндылықтарды дамытуға бағытталған.

Бағдарлама жеті мазмұнды кездесуден тұрды және оқушылардың отбасыларын біріктірді. Қорытынды сессия жарқын әрі мерекелік атмосферада өтті: ата-аналар ортақ түсті таңдап, сол түске сай киініп, түрлі тәтті-дәмділер дайындап, ерекше көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара соңында белсенді қатысқан барлық ата-аналар мен оқушылар марапатталып, алғыс сөздер айтылды. Бағдарламаға белсенді атсалысқан барша жанұяларға үлкен алғыс білдіреміз! Бірліктеріңіз бекем, байланыстарыңыз берік болсын!