logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Мектебімізде дәстүрлі «Қыс симфониясы» қысқы балы өтті

26 желтоқсан 2025 16:25

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі сән-салтанат пен әсем әуенге толы «Қыс симфониясы» қысқы балы жоғары деңгейде өтті. Бұл кеш оқушылардың шығармашылығын, талғамын және бірлігін айқын көрсеткен ерекше мәдени шараға айналды.

Шараға 11 шаңырақ қатысып, әр шаңырақ өз өнерін, үйлесімді қимылын және сахналық мәдениетін паш етіп, өзіне лайықты номинацияға ие болды:

«Бурабай» – «Вальс стилі»
«Ақкөл» – «Үздік орындау»
«Сырдария» – «Көрермен көзайымы»
«Жайық» – «Артистизм»
«Тобыл» – «Командалық үйлесім»
«Талас» – «Үздік композиция»
«Балқаш» – «Музыкалық үйлесім»
«Есіл» – «Эмоциялық әсер»
«Зайсан» – «Қимыл көркемдігі»
«Әмудария» – «Сахналық бейне»
«Каспий» – «Ең үздік шаңырақ вальсі»

Әділқазылар алқасының шешімімен «Каспий» шаңырағы жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, кештің ханы мен ханшайымы ретінде «Тобыл» шаңырағынан Игисенов Темірлан мен Коштенко Злата танылды.

Барлық қатысушыларды, жеңімпаздар мен марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!Өнерлеріңіз өрге жүзсін, шығармашылық шабыттарыңыз арта берсін, ал мұндай жарқын кештер мектеп өмірінде әлі де жалғасын таба берсін!