Жаңалықтар
NIS Kostanay-де «KoriNIS» театр клубының жарқын дебюті өтті
25 желтоқсан 2025 16:08
Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «KoriNIS» театр клубы өздерінің дебютін әсерлі және жарқын қойылыммен атап өтті.
«Қыс симфониясы» қысқы балы аясында ұсынылған «Где дышит лёд» атты спектакль көрермендерге ерекше атмосфера сыйлап, жүректерді жылытты. Бал тұжырымдамасы «Қазақ әндері» жобасына негізделіп, театр өнері мен ұлттық мәдениетті үйлесімді түрде ұштастырды. Қойылым қазақ әндерінің әуенімен өріліп, әсем вальспен аяқталды.
Бұл қойылым «KoriNIS» театр клубының өнерге деген шынайы махаббаты мен шығармашылық рухының тамаша көрінісіне айналды!