logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қостанайдағы NIS оқушылары XVII Еуразиялық информатика олимпиадасында жүлделі орынға ие болды

17 желтоқсан 2025 16:07

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы ҚР Білім министрлігінің Республикалық ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығы ұйымдастырған ХVІІ Еуразиялық информатика олимпиадасының финалдық кезеңінде спорттық бағдарламалау бойынша ШЫҰ елдерінің ең мықты командалары арасында II орынға ие болды.


Команданың құрамында:
-Ершов Александр
-Сапрыкин Игорь
-Даненов Хаким
Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру, ақпараттық мәдениетін дамыту, сондай-ақ есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласындағы ең талантты жастарды анықтау.

Қорытынды турға Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан 72 команда қатысты. Жетекші: Б. Зеленов. Команданы және жетекшіні жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы байқаулар мен олимпиадаларда сәттілік тілейміз