Жаңалықтар
New Horizons MUN: идеялар мен пікірталас алаңы
15 желтоқсан 2025 15:35
Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 8-12 сынып оқушыларына арналған New Horizons Model United Nations (NHMUN) конференциясы өтті.
Конференция барысында қатысушылар Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми отырыстары форматында жұмыс жасап, елдердің ұстанымын қорғады. Жұмыс келесі комитеттер аясында өтті:
-БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі
-БҰҰ Бас Ассамблеясы
Конференция қорытындысы бойынша үздік қатысушылар анықталды:
-Outstanding Delegate
-Киреева Валентина
-Алматова Алина
Best Position Paper
-Алтай Дария
-Адель Турагулова
Best Delegate
-Жұмағали Жібек
-Темирбаев Султан
NHMUN конференциясы қатысушыларға көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, шешендік өнерін жетілдіруге, сыни ойлау мен халықаралық диалог жүргізу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға жоғары деңгейде өткен іс-шара үшін алғыс білдіреміз! Model UN конференцияларында қайта қауышқанша!