Жаңалықтар
NIS-пен бірге оқиық
13 ақпан 2026 13:47
«NIS-пен бірге оқиық» жобасы аясында 8-сынып оқушылары Тәкен Әлімқұловтің «Ақ боз ат» романы бойынша танымдық викторинаға қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың көркем шығарманы терең түсінуіне ықпал ету, әдеби талдау дағдыларын дамыту және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Викторина барысында қатысушылар шығарма мазмұны, кейіпкерлердің бейнесі, тарихи-мәдени контекст пен автордың идеясы бойынша сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмасты. Оқушылар белсенділік танытып, шығарманың оқиғаларды, кейіпкерлердің мінез-құлқын және романның тәрбиелік мәнін жан-жақты талдады.