logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Интеллектуалдық старт» олимпиадасы өтті

09 ақпан 2026 16:52

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ауыл мектептерінің 6-сынып оқушыларына арналған математика және информатика пәндері бойынша облыстық кіріктірілген «Интеллектуалдық старт» олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың бірінші кезеңі онлайн форматта ұйымдастырылып, онда Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарынан 300-ден астам жас олимпиада қатысушысы бағын сынады. Іріктеу қорытындысы бойынша 100 үздік оқушы ақтық кезеңге шақырту алды. Қорытынды кезеңде шамамен 70 оқушы өз білімдерін сынап көрді.

Олимпиаданы өткізу Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің алғашқы директоры Күлфарида Раисованың бастамасы және қаржылай қолдауының арқасында мүмкін болды. Соныпен қатар шараға “Qyzyljar daryny” орталығы қолдау білдірді. Ақтық кезеңге қатысқан барлық оқушылар сертификатқа ие болды. Ал, жүлдегерлер диплом және мен ақшалай сыйлықтарға ие болды. Оқушылардың жетекші педагогтарына алғыс хаттар табысталды.

«Интеллектуалдық старт» олимпиадасының жүлдегерлері:
I орын және 50 мың теңге
Байпишев Дамир, Корнеев гимназиясы, Есіл ауданы
II орын және 30 мың теңге
Утеуов Мадияр, «Еңбекші қазақ орталау мектебі», Мағжан Жұмабаев ауданы
II орын және 30 мың теңге
Сапар Санжар, Талшық орта мектебі, Ақжар ауданы
III орын және 20 мың теңге
Кенжеболат Нариман, № 2 Новошим орта мектебі, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
III орын және 20 мың теңге
Жақып Батырхан, Чириков орта мектебі, Есіл ауданы
III орын және 20 мың теңге
Жақсылық Шыңғыс, «Парасат» мектеп-лицейі, Қызылжар ауданы

Алда олимпиада жыл сайын өткізіліп, 6-сынып оқушыларына зияткерлік әлеуетін анықтауға, сондай-ақ пәндік олимпиадаларға одан әрі тереңдете дайындалуға мүмкіндік беретін болады.