Жаңалықтар
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары - халықаралық көпжанрлық конкурсының Гран-при иегері
10 ақпан 2026 16:33
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары “Alash Star” халықаралық көпжанрлық конкурсының Гран-при иегері атанды.
Қыздар “Кербез сұлу” күйін жетігенде орындап, “Музыкалық аспапта ойнау” номинациясында бас жүлдені иеленді. Жас музыканттар номинацияға таласқан бәсекелестерін басып озып, 38 орындаушы мен ұжымның арасынан үздік деп танылды. Гран-приден бөлек, жеңімпаздар Наурыз мерекесін тойлау кезінде Стамбулда өтетін халықаралық байқауға қатысуға да жолдама алды. Бұл қыздарға қазақтың музыка мәдениетін әлемдік сахнада таныстыруға және дәстүрлі қазақ аспабында ойнау шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, мектепте бес жылдың көлемінде жетіген үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме жетекшісі Айнагүл Темірханова оқушылардың дәстүрлі қазақ аспабында ойнау шеберлігін шыңдап келеді. Бүгінде үйірмеге 8 оқушы аптасына 3 рет келіп, жетігенде ойнайды.