logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Роботтар триатлоны» облыстық робо-спорт жарысы өтті

11 ақпан 2026 11:30

Турнирге қала және облыс мектептерінің 5–6-сынып оқушыларынан құралған 7 команда қатысты. Жас робот құрастырушылар белгілі бір тапсырмаларға арналған роботттарды бағдарламалау, модельдеу және құрастыру бойынша өз дағдыларын көрсетті. Турнир үш санат бойынша өтті: «Робот-сумо», «Кегельринг-квадро» және «Робот-жарысушы». Оқушылар роботтарды құрастырып қана қоймай, әрбір бағытта сәтті өнер көрсетуі үшін оларды баптауы қажет болды.
Петропавл қаласындағы NIS мектебінде бұл жарыстар екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып, өңірдің жас робототехниктері үшін дәстүрлі шараға айналып келеді. Алдағы уақытта аталған жарысты тұрақты түрде өткізу жоспарлануда. Бұл Солтүстік Қазақстан өңірінің оқушылары арасында робототехника мен инженерлік ойлауды дамытуға ықпал ететін болады.