logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Менің таңдауым - менің қауіпсіздігім» атты профилактикалық кездесу өтті

23 қаңтар 2026 10:20

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде 12 сынып ұлдарына арналған «Менің таңдауым - менің қауіпсіздігім» атты профилактикалық кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты үлкен өмірге қадам басқалы отырған жасөспірімдерді саналы таңдау жасауға бағыттау, олардың жеке қауіпсіздігі мен жауапкершілігін арттыру болды. Іс-шара барысында полиция капитаны Зарина Попова оқушыларға психотропты заттар туралы ақпарат беріп, олардың денсаулыққа, психикаға және болашақ өмірге тигізетін зиянды салдарын түсіндірді. Сондай-ақ заң алдындағы жауапкершілікке ерекше тоқталды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесуді педагог-ұйымдастырушы-куратор Айнель Амандықова ұйымдастырды.