logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Петропавлдық NIS оқушылары желілік онлайн кітап оқу жарысында жеңімпаз атанды

22 қаңтар 2026 10:16

«Келіңіз, бірге оқиық!» желілік онлайн кітап оқу жарысының қорытындысы бойынша Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 1 орын иеленді. Ай сайын ұйымдастырылатын бұл жарысты Тараз қаласындағы NIS жатақханасының «Көшбасшылар» клубы өткізеді. Кезекті онлайн додаға желі ішіндегі мектептердің 14 командасы қатысты.
Бұл жолы қатысушылар Мұхтар Мағауиннің «Шахан шері» романын мұқият оқып, үш кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындады. I кезеңде оқушылар «Quizizz» қосымшасында автордың өмірі мен роман мазмұнына байланысты 35 сұрақтан тұратын тестке жауап берді. II кезеңде «Wordwall» платформасында романның композициялық құрылымын талдап, сонымен қатар сөздікпен жұмысқа қатысты тапсырмалар орындады. III кезеңде «Кімнің сөзі?» айдары бойынша романдағы сөйлемдердің кімге тиесілі екенін анықтады.
Байқау қорытындысы бойынша Петропавлдық “Человек Жульбарыс” командасы жеңімпаз атанды. Оқушыларды жатақхана тәрбиешілері Қарлығаш Ербатырова және Маржан Қожанова дайындады.