logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

KiVa апталығы

26 қаңтар 2026 10:09

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жылы орта - қауіпсіз мектеп» атты KiVa апталығы басталды.
Апта бойы мектепте қауіпсіз, қолдаушы және қолайлы мектеп ортасын қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады. KiVa апталығының бастамасы оқушыларға сыйластыққа негізделген қарым-қатынастың, өзара қолдаудың, сөз бен іс үшін жауапкершіліктің маңызын еске салып, буллингтің кез-келген түріне жол берілмейтінін түсіндіреді.
Бағдарлама аясында түрлі интерактивті іс-шаралар, READx форматындағы кездесулер, фильм көру, талқылаулар мен практикалық тапсырмалар жоспарланған. Бұл шаралар оқушыларға эмпатияның құндылығын тереңірек түсінуге, күрделі жағдайларды тануға және оларды конструктивті жолмен шешу дағдыларын дамытуға көмектеседі.