Жаңалықтар
Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған мектепішілік тестілеудің қорытындысы
26 қаңтар 2026 10:07
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған мектепішілік тестілеудің қорытындысы шығарылды. Байқау ұлы ақын мен ойшылдың өмірі, мұрасы және қара сөздері бойынша оқушылардың білімін тексеруге бағытталды.
«Абайды танып біл!» атты интеллектуалдық тесттің нәтижесі бойынша орындар келесідей бөлінді:
I орын — «Шоқан Уәлиханов» шаңырағы (21 балл)
II орын — «Өркен» шаңырағы (20 балл)
III орын — 19 балл жинаған шаңырақтар: «Евней Букетов», «Мағжан Жұмабаев», «Сәбит Мұқанов» және «Ұрпақ».
Тестілеу - Абайдың шығармашылығына арналған ауқымды мектепішілік байқаудың алғашқы кезеңі. Оқу жылының соңына дейін шаңырақтар өзге де шараларға қатыспақ.