logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі

28 қаңтар 2026 16:03

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жылы орта - қауіпсіз мектеп» KiVa апталығы аясында оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.
Суреттер арқылы оқушылар достық, қолдау, өзара құрмет және қауіпсіз мектеп ортасы туралы өз ойларын жеткізді. Жұмыстарында олар буллингсіз мектептің қандай болу керектігін, әр бала өзін еркін әрі қауіпсіз сезінетін орта ретінде көрсетті.