Жаңалықтар
БІРЛІК ЖӘНЕ ЖАҢАРУ FEST
30 сәуір 2026 11:36
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Наурыз мейрамы мен Қазақстан халқының бірлігі күнін ұштастырған «БІРЛІК ЖӘНЕ ЖАҢАРУ FEST» атты ауқымды шара өтті. Мерекелік думан аясында мектеп ауласына киіз үйлер тігіліп, білім ордасы нағыз этно-ауылға айналды.
Оқушылар түрлі этнос өкілдерінің бейнесіне еніп, олардың төл өнерін, салт-дәстүрін және ұлттық ойындарын паш етті.
Ата-аналар қауымының қолдауымен алуан түрлі ұлттық тағамдардан көрме ұйымдастырылып, жиналған қауымға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Фестиваль балалардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті оятып, достық, бірлік және рухани жаңару идеяларын насихаттауды мақсат етті.
Бұл мерекелік шара ұлттар арасындағы ынтымақты нығайтып, көктемгі мейрамдардың әдемі үйлесімін көрсетті. Оқушылар мен ұстаздар қауымы үшін нағыз рухани жаңару мен берекелі бірліктің символына айналды.