Жаңалықтар
NIS MEN Awards - 2026
06 мамыр 2026 11:09
Мектебімізде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «NIS MEN Awards - 2026» мерекелік шарасы өтті.
Мектептің арулар қауымы ер-азаматтарды ерекше құрметпен қарсы алды. Таңертең қызыл кілеммен салтанатты түрде өткен жігіттер, түстен кейін арнайы номинациялар бойынша марапатталды. Ұжым арасында өзіндік қолтаңбасымен дараланған азаматтарға қызықты әрі мазмұнды марапаттар табыс етілді.
Білім ордасының директоры Жұлдыз Турганалина құттықтау сөзінде ерлер қауымының қоғамдағы және мектеп өміріндегі маңызды рөлін атап өтіп, ізгі тілегін білдірді.
Физика, орыс тілі, ағылшын тілі әдістемелік бірлестіктері мен педагог-ұйымдастырушы-кураторлар ұйымдастырған интеллектуалды ойындар кештің мазмұнын байыта түсті. Мерекелік бағдарлама әуезді әндер мен көңілді концертке ұласып, ұжымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.