Жаңалықтар
ӘЗ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ
20 наурыз 2026 15:39
Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы арайлы таңды Әз Наурыз мерекесін тойлаумен бастады.
Өнерпаз оқушылар халқымыздың ұлттық билерімен, әуезді әндерімен, күмбір күйлерімен күнді көркемдеп, Ұлыстың ұлы күні атап өтілді.
Мерекелік бағдарлама ұлттық ойындарға ұласты. Педагог-кураторлар қол күресі, асық ату, ләңгі тебу, оқтау тартыс, тоғызқұмалақ және шахмат ойындарын ұйымдастырып, мектеп іші мерекелік көңіл күйге бөленді.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!