logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«NIS-ПЕН БІРГЕ ОҚИЫҚ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК САЙЫСТА І ОРЫН ИЕЛЕНДІ

17 наурыз 2026 09:11

Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде ұйымдастырылған «NIS-пен бірге оқиық» жобасы негізінде желілік онлайн әдеби сайыс өткізілді. Аталған сайыста Орал NIS-тің оқушылары 1-орын иеленді.

Қатысушылар Әкім Таразидың «Ауыл шетіндегі үй» шығармасы бойынша білімдерін сарапқа салды. Мектебіміздің 7-сынып оқушылары - Аманшина Ляйсан, Ғарифулла Шыңғыс, Исатаева Жанерке, Құвайдолла Айша,Мендығали Адина, Хасанов Қасым зеректік пен алғырлық көрсетіп, үздік атанды.

Айта кетейік, «NIS-пен бірге оқиық» жобасының негізгі мақсаты – оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем шығармаларды талдау дағдыларын дамыту және бос уақытты тиімді пайдалануға шақыру.

Жас өрендерге алдағы уақытта сәттілік тілейміз!