logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Х ЖЕЛІЛІК «КРЕАТИВ-ТАРТЫС» САЙЫСЫНДА І ОРЫН ИЕЛЕНДІ

13 наурыз 2026 16:10

NIS мектептері арасында дәстүрлі түрде өткізілетін Х желілік «Креатив-тартыс» топтық-зияткерлік ойынында білім ордамыздың 8-сынып оқушылары үздіктер қатарынан көрінді.

Зияткерлеріміз – Жалелов Алибек, Сарсембаев Адильбек, Болат Шерхан, Серік Аңсар І жүлделі орынды мектеп қоржынына салды.

«Креатив-тартыс» – оқушылардың сыни ойлауын, функционалдық сауаттылығын, шешендік шеберлігін дамытуға бағытталған онлайн-зияткерлік сайыс. Топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, әртүрлі ғылымдар мен пәндер бойынша алған білімдерін шығармашылық тұрғыда қолдануға, жүйелі және ерекше ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, жыл сайын өтетін аталған желілік сайыста Орал NIS оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлдегер атанып келеді.

Жетекшілері: Сисенбаева Ш.Ж., Конурова А.М., Дагаров Н.С., Ибраев С.А., Муфтахиева В.Т.

Құттықтаймыз!