logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Орал NIS оқушысы «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасының қола жүлдегері атанды

13 наурыз 2026 16:00

Бәрекелді! Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Мұрат Мейірбек халықаралық «Жібек жолы» математикалық олимпиадасында ІІІ орынға ие болып, мектеп қоржынына қола жүлдені салды.

«Жібек жолы» олимпиадасы – Ұлы Жібек жолы бойындағы елдердің жас зияткерлері бас қосатын білім додасы. Қазақстанмен бірге Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Әзірбайжан, Қытай және өзге де мемлекеттердің оқушылары бақ сынайды.

Аталған ауқымды сайыстың халықаралық кезеңі 10-12 наурыз аралығында Астана қаласында өтті. Олимпиада математикалық ғылымдар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту мақсатында өткізіледі. Күрделі есептердің шешімін тауып, салмағы мол жүлдеге қол жеткізген Мейірбекті жарқын жетістігімен құттықтаймыз! Бағындырар белесі көп болсын!

Жетекшісі: Нұрмағамбетова Бибінұр Амангелдиевна