logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Орал қаласы NIS оқушылары робототехникадан халықаралық жарысқа жолдама алды

16 ақпан 2026 17:08

Жарқын жаңалық! Орал қаласы NIS оқушыларынан құралған «Tidal Tumble» командасы Астана қаласында өткен «Central Asia First Championship – 2026» робототехника жарысында 2-орын иеленді. Сонымен қатар АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін халықаралық кезеңіне жолдама алды.

Өнертапқыш балалардың басын қосқан байқау «Alem TechFest – 2026» аясында ұйымдастырылды. Зияткерлеріміз First Lego League Challenge санатында «Robot Performance Winner» және «Champion's Award 2nd palace» аталымдарын жеңіп алып, аталған санат бойынша Қазақстан құрамасына енген 3 команданың бірі атанды.

Айтбаев Досхан (10А), Жанболатұлы Бекнұр (10C), Қожахмет Даниал (11F), Туганбаев Демеу (11E), Абилов Алдияр (11E), Успанов Алим (10B), Мажит Дамир (10A), Абдрахманов Азат (11F) есімді оқушылардан құралған команда қыркүйек айынан бастап аталмыш сайысқа қызу дайындықты бастады. Алдымен, қараша айында Орал қаласында өткен «Jaiyq First Regional – 2025» жарысында чемпион атанып, осы жарысқа жолдама ұтып алған болатын. Бүгінде Елорда төрінде жүлделі болып, әлемдік деңгейде таланттарын танытпақ.

Оған қоса, мектебіміздің 11-сынып оқушысы Уашев Таир «Nomadic. Dragons.FTC» командасының сапында  өнер көрсетіп, құрамамен бірге FIRST Tech Challenge (жоғары санат) бойынша үздіктер қатарынан көрініп, АҚШ-та өтетін халықаралық кезеңге қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Жас өнертапқыштарды шын жүректен құттықтаймыз! Жетекшілері: мектебіміздің робототехника үйірмесінің жетекшісі Мақсотов Армат Болатұлы, 12-сынып оқушысы Назар Таир).

Фотогалерея

image-
image-