logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«ART FEST ASIA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНАН ҚОС БАС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

10 ақпан 2026 10:56

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Ғажайып» би ансамблі Халықаралық «Art Fest Asia» конкурсында жеңіске жетті.

Аталған өнер жарысында Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Грузия және Ресей елдерінен бақ сынаған қатысушылар саны 1000-ға жуықтады. Әр мемлекеттен би өнерінің майталмандары әділ қазылық етіп, 4 күн бойы дарынды ұл-қыздарды анықтады.

Нәтижесінде, мектебіміздің 10-сынып оқушысы Әлен Аянат соло жанры бойынша «Наздану» биімен Бас жүлдеге ие болды. Ал Дуэт жанрында 9-сынып зияткерлері – Алдияр Құдайбергенов пен Жайлау Перизат «Дала сазы» би туындысымен жеңімпаз атанды (жетекшісі: Аслан Тлеугалиев).

Халықаралық АртфестАзия фестивалі сахналық өнер көрсету кезеңімен шектелмей, тәжірибе алмасу сәттерімен де ерекшеленді. Әр елдің өнер жетекшілері бас қосып, білім ордамыздың атынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльвира Айдыналиева «Би өнері – зияткерлік мектептегі құндылық тәрбиесінің құралы» тақырыбында таныстырылым жасады. «Ғажайып» би ансамблінің шығармашылық әлемі жөнінде кеңірек мәлімет берді.

Айта кетейік, өнерпаз оқушыларымыз алдағы жазда Грузия, Түркия елдерінде өтетін Халықаралық фестивальдерге шақырту алды.