Жаңалықтар
NIS Басқарма төрағасы Оралдағы Зияткерлік мектепке келді
06 ақпан 2026 17:28
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасы Әнуар Жанғозин Орал қаласындағы NIS-ке жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында мектептің материалдық-техникалық базасы, оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуы және білім беру ортасының жай-күйі қаралды. Білім беру үдерісіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Басқарма Төрағасы бірқатар сабақтарға қатысып, педагогтердің кәсіби қызметіне байланысты ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар әдістемелік бірлестік жетекшілерімен өткен кездесуде оқушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасын арттыру бағыттарына назар аударылды. Сондай-ақ оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы өкілдерімен кездесу өтіп, шәкірттердің бастамалары мен ұсыныстары тыңдалды.