Жаңалықтар
АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
28 қаңтар 2026 14:03
Мектебіміз «ашықтық» құндылығын алға тарта, ата-аналар қауымымен тығыз байланысты белсенді түрде жалғастыра бермек.
Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ата-аналар комитетінің отырысы өтті. Алдымен, күн тәртібінде директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Гүлзина Нагибова білім ордасының ілгері дамуы үшін мектеп миссия қайта қаралу екенін жеткізіп, ата-аналарды талқылауға шақырды. Ата-аналар сынып бойынша топқа бөлініп, аталған миссияға өзіндік көзқарастарын білдірді. Ата-аналар комитетінің төрайымы Нұргүл Елеусинова да өз ой-пікірін жеткізіп, көкейдегі сұрақтарын қойды. Қауіпсіз орта, сапалы білім және оқушының әлеуетін жетілдіру маңыздылығына тоқталып, осы жолда мектеп ұжымы мен ата-аналар қауымдастығының арасы жақындай түсетініне сенім артылды.
Сонымен қатар ойталқыдан соң директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айдар Сұлтанов екінші тоқсан бойынша білім сапасына талдама жасады.