logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

ЖАС ҰСТАЗДАР ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

29 қаңтар 2026 11:37

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмысқа жаңадан келген әр маманға кәсіби қолдау көрсету дәстүрге айналған.

Ұжымға бейімделуі үшін достық көңілдегі атмосферамен бірге пәндер бойынша жетілдіру жұмыстары қарқынды жүргізіледі. Биыл осы бағытта «Жас ұстаздар онкүндігі» ұйымдастырылып, түрлі шаралар жоспарланып отыр. Солардың алғашқысы «TEDx» форматында өтті.

«Ғылым ғажайыбы» атауымен өткен жиында жас мамандар педагогика саласына қатысты алуан тақырыпта креативті ойларын ортаға салды. Қолдау білдіруге келген мектептің тәжірибелі мұғалімдері де өз пікірлерін бөлісіп, тілектерін жеткізді. Оқушыларға сапалы білім беру жолында өз кеңестерін аямайтынын айтты.

Алдағы онкүндік аясында жас педагогтер ашық сабақтар өткізеді, түрлі QUIZ зияткерлік ойындарына қатысады, сондай-ақ психологиялық тренингіден өтеді.