logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

“ART FEST BAKU” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

06 қаңтар 2026 11:33

Оқу жылының екінші жартыжылдығы ерекше жетістікпен басталды. Орал NIS-тің «Ғажайып» би ансамблі Әзірбайжан елі, Баку қаласында өткен “Art fest Baku” халықаралық байқауында үш номинация бойынша жеңімпаз атанды.

Бұл сайыста Әзірбайжан, Өзбекстан, Грузия, Ресей және Қазақстан мемлекеттерінің өнерпаздары бақ сынаған. Мектебіміздің би тобы үш туындысын назарға ұсынып, тұғырдан көрінді.

Нәтижесінде, «Бозбала бірлігі» биі – Бас жүлде, «Жүздердің бас қосуы» биі – Бас жүлдеге ие болып,«Ғажайып» бишілері Шымболат Тамерлан мен Төлеген Данабектің жұптық биі 1-орынға лайық деп танылды.

- Байқауға кәсіби деңгейдегі бишілер қатысты. Біздің ұл-қыздар жоғары дәрежеде өнер көрсеткенін атап өткім келеді. Тек білім жолында зияткер ғана емес, өнерде де озық екендерін дәлелдеді. Мықты әзірлікпен бардық, қос бас жүлде мен 1-орынға еңбекпен қол жеткіздік - дейді ансамбль жетекшісі Аслан Тлеугалиев.

Құттықтаймыз!

Фотогалерея

image-
image-