Жаңалықтар
ОРАЛ ҚАЛАСЫ NIS МҰҒАЛІМІ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
12 қаңтар 2026 11:22
Орал қаласы NIS-тің тарих пәні мұғалімі Лариса Бердигалиева республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының ІІ орын жүлдегері атанды.
2026 жылдың 8-9 қаңтар күндері Алматы (Қаскелең) қаласындағы SDU University базасында өткен сайыста еліміздің әр түкпірінен келген дарынды педагогтер үздік білім беру тәжірибелерін ұсынды.
Аталмыш байқау мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін қолдау, кәсіби дамуына ықпал етуді мақсат етеді.
Қатысушылар TEDx форматында білім беру мен тәрбиенің сапасын арттыруға, жаңа буынның білім беру ортасын қалыптастыруға және білім алушылардың әлеуетін дамытуға бағытталған педагогикалық идеяларын, практикалық шешімдері мен авторлық тәсілдерін көрсетеді. Тарих және құқық негіздері бағыты бойынша бақ сынаған біздің мектептің мұғалімі Лариса Абайқызы жоғары дайындықпен барғанын жеткізді. Жүлдеге лайықты көптеген жұмыстар болғанын және білікті мұғалімдердің ішінен алға шығу үлкен еңбекті талап еткенімен бөлісті.
Үздік педагогтер қатарынан көрінген әріптесімізді құттықтаймыз!