Жаңалықтар
«ROBOLAND-2026» ОБЛЫСТЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
19 қаңтар 2026 11:01
«Roboland-2026» халықаралық робототехника жарысының облыстық кезеңінде Орал қаласындағы NIS оқушылары жеңіске жетті.
Балалардың инженерлік дағдыларын қалыптастыру, білім беру робототехникасын кеңінен насихаттау, бағдарламалау бағытындағы қабілеттерін дамыту және озық тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 100-ге жуық команда қатысты.
Аталған жарыста біздің шәкірттеріміз екі категория бойынша үздік деп танылды.
🔹 «Үлкен саяхат» категориясы бойынша
I орын – Успанов Алим, Жанболатұлы Бекнұр
Жетекшісі: Армат Мақсотов
🔹 «Шығармашылық санаты – Құтқарушы роботтар» категориясы бойынша
I орын – Абдрахманов Азат, Муратов Еламан, Нұрлан Саян
Жетекшісі: Медет Бисекенов
Жас зияткерлерімізді және жетекшілерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!
Алдағы республикалық және халықаралық кезеңдерде сәттілік тілейміз!