Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS оқушылары IQanat Case Hackathon байқауының жүлдегерлері атанды
08 мамыр 2026 10:00
Көкшетаудағы NIS оқушылары IQanat Case Hackathon байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, өздерінің тың идеялары мен әлеуметтік маңызы бар мәселелерге шешім ұсына алатын қабілеттерін дәлелдеді.
Education Reimagined бағыты бойынша 10-сынып оқушылары Дария Сейтжан, Дамелі Жанбырши, Кәмшат Қосар және 9-сынып оқушысы Инаят Рахметуллинадан құралған команда І орынды иеленді.
Осы санат бойынша 9-сынып оқушылары Адия Әлжан, Ескендір Омарбай, Арлан Темірхан және Рамина Абишева ІІІ орынға ие болды.
Community Challenge бағыты бойынша 10-сынып оқушылары Майра Сағадат, Сафия Ержанқызы және Жамиля Мураткалиева ІІ орын иеленді.
Ал Media for Impact санатында 10-сынып оқушылары Дмитрий Чаленко, Алихан Орынбаев және 8-сынып оқушысы Сауат Булат өздерінің медиажобасын ұсынып, ІІ орынға ие болды.