logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS оқушылары – мектеп оқушыларының ғылыми конференциясында үздіктер қатарында

29 сәуір 2026 14:12

Көкшетаудағы Ш. Уәлиханов атындағы университетте «Мектеп пен университет: ынтымақтастықтың ғылыми аспектілері» атты мектеп оқушыларының конференциясы өтті. Аталған шара өңірдің талантты әрі мақсатты жастардың басын қосты.

Көкшетаудағы NIS оқушылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, түрлі секциялар бойынша жүлделі орындарға ие болды. Конференция қорытындысы бойынша бірнеше оқушы бірінші орын иегері атанды. Олардың қатарында Арнур Ильясов, Дамеля Жабырши, Камшат Қосар, Дария Сейтжан, Инаят Рахметуллина, Алия Кадирова, Айгерим Оралхан, Маулен Жәнібек, Дарья Прокопенко, Адиль Суинндыков, Абылайхан Самат, Ансар Каирбек, Иман Қуандық, сондай-ақ Раушан Галиева мен Аина Есимсагиева бар.

Екінші орын алғандар қатарында Нурислам Бейсенбек, Георгий Шиляев, Анастасия Склярова, Мерей Мурзабаева, Алижан Базарбай, Сафия Тасова, Адина Аутас, Дилара Беким, Дариға Алтаева, Інкәр Сабыралы, Ерасыл Қажмұқан мен Темирлан Пшенбаев, Мәңгілік Бахытхан, Дана Болат, Медина Омарова, сондай-ақ Арман Кузаиров бар.

Үшінші орын иегерлері – Амирхан Оспанов, Әдемі Қайролла, Жания Рымжанова, Аида Султанова, Мерей Кабдуалиева, Диас Хасенов, Айсұлтан Төлен, Нұрсұлтан Төлен, Аягөз Тортаева, сондай-ақ Айша Шарипова, Ақбота Арманова және Малика Қали.

Жекелеген дипломдармен Нихат Хамит, Алина Белогрудова және Айару Сүйіндік марапатталды.

Конференцияға қатысу оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытудағы маңызды кезең болып, Көкшетаудағы NIS оқушыларының жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.