Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те жыл сайынғы «Кітап әлемді бағындырады» акциясы өтті
23 сәуір 2026 10:45
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін мерекелеу аясында Көкшетаудағы NIS-те кітап сүйер қауымның басын қосқан «Кітап әлемді бағындырады» атты дәстүрлі кітапты тосын сый ауқымды акциясы ұйымдастырылды.
Зияткерлік мектептер желісінде жыл сайын өткізілетін бұл бастама кітаптың таным құралы әрі ең жақсы сыйлық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Биылғы шараға мектептің 572 оқушысы мен ұстазы қатысты. Акцияның негізгі форматы – сүйікті әдеби шығармалармен алмасу. Бұл шара мектеп қауымдастығын нығайтуға және жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған. Қатысушылар өздерінің жеке кітапханасындағы құнды басылымдармен бөлісіп қана қоймай, пікірлес достар тауып, өзара әлеуметтік байланыстарын арттыра түсті.