Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те әкелер форумы өтті
18 сәуір 2026 10:37
Көкшетаудағы NIS-те «Ұл баланы тәрбиелеудегі әкенің рөлі» атты әкелер форумы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты ұл бала тәрбиесіндегі әкенің маңызын ашу, өзара тәжірибе алмасу және қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін бірлесе іздеу болды. Жиын барысында бүгінгі таңда әкенің рөлі тек отбасын асыраумен шектелмейтіні, оның тәрбиеші, бағыт беруші және өскелең ұрпақ үшін шынайы үлгі-өнеге иесі екендігі ерекше аталды.
Форум аясында тәжірибелі әкелер сөз сөйлеп, ұл баланың мінезін қалыптастыру мен сенімді қарым-қатынас орнату туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар қатысушылар нақты өмірлік кейстерді талдап, бала тәрбиесіндегі түрлі жағдайларды шешудің тиімді жолдарын қарастырды. Мұндай формат әкелерге өзара тәжірибе алмасуға және тәрбие үдерісіне жаңа қырынан қарауға мүмкіндік берді.
Бұл шара әкелердің мектеп өміріне белсене араласуы баланың тұлға ретінде қалыптасуына үлкен септігін тигізетінін тағы бір мәрте дәлелдеді.