Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS оқушылары желілік сайыстарында үздіктер қатарынан көрінді
30 наурыз 2026 14:23
Көкшетаудағы NIS-тің оқушылары бірқатар желілік интеллектуалдық-шығармашылық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, дайындық деңгейлерінің жоғары екенін дәлелдеді. Тараз қаласында ұйымдастырылған 11-сынып оқушылары арасындағы «Абай жолы – ғасырлық туынды» атты ІІ желілік онлайн-сайысында мектеп құрамасы нәтижелі өнер көрсетіп, құрамда Жансерік Назымбек, Мерей Мырзабаева, Көркем Шайып, Кәусар Мейрам және Алпамыс Серікбай білім ордасының намысын лайықты қорғап, жүлделі ІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар, «Оралхан Бөкей әлемінде» атты І желілік байқауының қорытындысы бойынша да жоғары жетістіктер тіркелді. Аталған сайыста 10-сынып оқушысы Оразханым Ғабдолла жеңімпаз атанып, І орынды жеңіп алды. Мектеп жетістіктерінің қоржынын 11-сынып оқушысы Жания Рымжанова мен 9-сынып оқушысы Жандос Орал да толтырып, әрқайсысы ІІІ орынға ие болды.
Оқушылардың бұл жетістігі – мектеп мұғалімдерінің жүйелі жұмысы мен кәсіби жетекшілігінің жемісі. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды дайындауда жетекшілер Айсулу Лепесбаева, Хайрат Закерияа, Раушан Бейсенова және Маржан Бришева ерен еңбек етті.