Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те «Dombra Day» өтті
18 наурыз 2026 08:55
Наурыз мейрамы онкүндігі аясында Көкшетаудағы NIS-те 5-12 сынып оқушыларын біріктірген Dombra Day өтті. Шара барысында оқушылар бір мезетте «Тепең көк», «Келіншек», «Нарағаш», «Ерке сылқым», «Ер Тұран», «Адай» және «Балбырауын» күйлерін орындады.
Бұл акция ұлттық өнерді жастар арасында дәріптеудің жарқын үлгісі болды. Оқушылардың күйлерді шебер әрі синхронды орындауы жиналғандарға ерекше рух сыйлады. Мерекелік шара ұлттық құндылықтарды сақтау мен оны келесі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.