logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS оқушылары «Менің Әуезовім» желілік әдеби байқауының жүлдегері атанды

10 наурыз 2026 14:12

Көкшетаудағы NIS-тің оқушылары ұлы жазушы әрі ойшыл Мұхтар Әуезовтің мұрасына арналған «Менің Әуезовім» атты IV желілік әдеби-шығармашылық байқауында ерекше көзге түсті. Қатысушылар көркемсөз оқу шеберлігі бойынша бақ сынасып, классикалық шығармаларды терең түсінетіндіктерін және жоғары артистік қабілеттерін көрсетті.

«Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Ален Жалаушан айрықша табысқа жетіп, бірінші орынды иеленді. Оның Мұхтар Әуезовтің «Жетім» әңгімесінен оқыған үзіндісі ерекше тебіреніспен және асқан мәнерлілікпен орындалды. Сондай-ақ, мектеп қоржынын 9-сынып оқушылары Амира Аманжол мен Меруерт Серікболқызы толықтырды – олар жүлделі үшінші орындарға ие болды.

Бұл жоғары жетістіктердің артында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қажырлы еңбегі тұр. Ұстаздар оқушыларға мәтінді жаттап қана қоймай, Әуезов әлемінің философиясын терең сезінуге және өзіндік авторлық қолтаңбасын қалыптастыруға көмектесті. Жүлдегерлерге бағыт-бағдар беріп, баптаған жетекшілер — Маржан Бришева мен Ардак Нурушева. Ұстаздардың кәсіби шеберлігінің арқасында оқушылар мектеп намысын желілік деңгейде лайықты қорғап шықты.