logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS оқушылары Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған байқауда топ жарды

17 ақпан 2026 11:35

Көкшетаудағы NIS оқушылары «Тұлға тану» жобасы аясында, қазақ поэзиясының классигі, лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылған желілік жатақханалар арасындағы байқауда жүлделі орындарға ие болды. Байқау ақынның шығармашылығын насихаттауға, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға және оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталды.

Байқау қорытындысы бойынша 10-сынып оқушысы Інкәр Сабыралы 1- орын иеленді. 2- орын 8-сынып оқушысы Назерке Сағынға бұйырды. Ал 3-орынды 7-сынып оқушысы Бекболат Мақсұтхан жеңіп алды.

Сонымен қатар 8-сынып оқушылары Назерке Бақыт пен Зарина Шегебаева, сондай-ақ 9-сынып оқушылары Айгерім Оралхан, Аружан Болатбай және Амира Аманжолова алғыс хаттармен марапатталды.