Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те информатика апталығы басталды
16 ақпан 2026 16:19
Көкшетаудағы NIS-те Информатика апталығы бастау алды. Бұл дәстүрлі білім беру алаңы оқушылардың IT саласындағы әлеуетін ашуға бағытталған. Апталық цифрлық құзыреттерді дамытуға, алгоритмдік ойлауды жетілдіруге және болашақ технологияларға деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді.
Апта бағдарламасы мазмұнды әрі қарқынды өтпек. Негізгі іс-шаралардың бірі – хакатон. Онда жас бағдарламашылар қысқа уақыт ішінде өздерінің IT-жобаларын әзірлеп, бағдарламалау дағдылары мен командада жұмыс істеу қабілеттерін көрсетеді.
Сонымен қатар оқушыларды зияткерлік баттлдар, турнирлер және тақырыптық квесттер күтіп тұр. Мұндай форматтар логикалық ойлау, жедел шешім қабылдау және теориялық білімді нақты жағдайларда қолдану дағдыларын шыңдауға бағытталған.