Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының жетекшісімен кездесу өтті
16 ақпан 2026 15:28
Мектебімізде қоғам қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің құрметті профессоры, өлкетанушы әрі тарихты насихаттаушы Мұрат қажы Ыдырысұлымен мазмұнды кездесу өтті.
Іс-шараға сондай-ақ Шоқан Уәлихановтың ұрпағы Мәліков Дулат Серғалиұлы арнайы қонақ ретінде қатысты.
Мұрат қажы Ыдырысұлы — «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының жетекшісі және осы аттас жинақтың құрастырушысы. Кездесу барысында жоба жетекшісі тарихи сапар кезіндегі әсерлерімен, көрген-білгенімен және экспедиция барысында түйген ойларымен бөлісті. Ол Абылай хан дәуірімен байланысты тарихи орындардың маңызына тоқталып, ұлттық жадымызды сақтау мен дәріптеудің қажеттігін атап өтті.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Оқушылар сұрақтарын қойып, ел тарихына қатысты тың деректермен танысты.