Жаңалықтар
Орыс тілі мен әдебиеті апталығы басталды
09 ақпан 2026 15:01
Көкшетаудағы NIS-те орыс тілі мен әдебиеті апталығы өз жұмысын бастады. Бұл апталық оқушылардың тілдік мәдениетін дамытуға, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған мазмұнды білім беру алаңы болып табылады.
Апта аясында түрлі пәндік байқаулар, зияткерлік ойындар, мәнерлеп оқу сайысы, әдеби косплей, сондай-ақ классикалық әдебиет мұрасына арналған «Есенин. Поэзия – уақыттан тыс өнер» атты әдеби-музыкалық композиция ұйымдастырылады.
Орыс тілі мен әдебиеті апталығы классика мен заманауи әдебиетті тоғыстыратын ашық диалог алаңына айналып, тілді тек оқу пәні ретінде емес, мәдени өзіндік болмысты қалыптастыратын маңызды құрал ретінде танытады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы іс-шаралар оқушылардың әдебиетке деген тұрақты қызығушылығын қалыптастырып, эстетикалық талғамы мен жалпы дүниетанымын кеңейтеді.