logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS-те «Берік отбасы» халықаралық бағдарламасы бастау алды

30 қаңтар 2026 13:22

Көкшетаудағы NIS-те 7-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған «Берік отбасы» халықаралық бағдарламасы аясындағы кездесулер басталды. Бағдарлама Ұлыбританиядағы Oxford Brookes University мамандарымен бірлесе әзірленген және жасөспірімдердің бейімделу кезеңінде ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

Кездесулер мазмұны терең өзара әрекетке құрылған: қатысушылар балалардың арманы мен мақсатын қолдаудың маңызын түсінеді, отбасылық кеңестер өткізудің тиімді жолдарын меңгереді және туындайтын мәселелерді бірлесіп шешу дағдыларын дамытады. Сондай-ақ жасөспірімдердің психологиялық тұрақтылығына ерекше назар аударылады – құрбы-құрдастар қысымына қарсы тұру, күйзелісті жақындарының қолдауы арқылы еңсеру тәсілдері қарастырылады. Интерактивті тапсырмалар арқылы ата-аналар мен оқушылар өзара құрметтің құндылығын қайта зерделеп, ашық әрі нәтижелі диалог құруды үйренеді.

Жобаны мектеп тренерлері Марта Мушел, Айжан Жолдасбаева, Гульмира Елеуова және Дильназ Каиркенова кәсіби деңгейде жүргізуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер отбасы ішіндегі байланысты нығайтып қана қоймай, әр оқушының табысты білім алуына және жан-жақты үйлесімді дамуына берік негіз қалайды.

Фотогалерея

image-
image-
image-