logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Ата-аналар университетінде» жасөспірімдермен қарым-қатынас психологиясы талқыланды

29 қаңтар 2026 14:20

«Ата-аналар университеті» жобасы аясында 8-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған отбасындағы тиімді өзара іс-қимыл ережелеріне бағытталған семинар өтті. Кездесу ата-аналарға жасөспірімдік кезеңде баламен сенімді қарым-қатынас орнатуға және үйде табысты оқуға ықпал ететін жайлы орта қалыптастыруға көмектесетін практикалық дағдыларды дамытуға негізделді.

Шараның ұйымдастырушысы — жоба координатиоры Аққу Тасбулатова, ал куратор Дина Қалымтаева кездесудің жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетті. Мектеп психологы Марта Мүшелдің кәсіби сараптамасы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Ол 8-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне ғылыми тұрғыдан шолу жасап, жанжалды жағдайларды сындарлы түрде шешудің нақты әдістемелерін ұсынды.

Ашық диалог форматы қатысушыларға теориядан тыс шығуға мүмкіндік берді: ата-аналар типтік өмірлік жағдайларды талдап, өзара тәжірибе алмасты және өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. «Ата-аналар университеті» жобасы әр баланың тұлға ретінде үйлесімді дамуы жолында мектеп пен отбасы серіктестігін нығайтатын маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Фотогалерея

image-
image-