Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS мұғалімі әдістемелік оқу құралының авторы атанды
27 қаңтар 2026 15:55
Көкшетаудағы NIS физика пәні мұғалімі Жанғозы Оңғарбай «NIS Practical Exam Preparation Guide Physics Grade 11–12» әдістемелік оқу құралына авторлық құқық иеленді. Аталған еңбек NIS мұғалімдері Сауле Асылбекова және Саягүл Нуржигитова мен бірлесіп дайындалған.
Оқу құралы 11-12 сынып оқушыларының физика пәні бойынша практикалық емтиханға жүйелі дайындалуына бағытталған. Автордың айтуынша, құралдың негізгі мақсаты – 12-сынып оқушыларының физикадан сыртқы жиынтық бағалауға үш компонент бойынша сапалы дайындалуына көмектесу.
Өткен оқу жылында практикалық емтихан құрылымының өзгеруіне байланысты, осы форматқа бейімделген дайындық материалдарының болмауы жаңа әдістемелік құрал әзірлеу қажеттілігін туындатқан. Осыған орай, оқу құралы жаңартылған құрылымға сәйкес жасалып, практикалық емтиханға нақты алгоритм арқылы дайындалу дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
Аталған оқу құралы оқушылардың практикалық дағдыларын жетілдіруге ғана емес, емтихан тапсырмаларын саналы әрі жүйелі орындауға бағытталған.