Жаңалықтар
Ғылымға бастар алғашқы қадам
04 маусым 2026 16:21
Атыраудағы NIS-те 7-сынып оқушылары арасында алғаш рет «Ғылымға алғашқы қадам» атты ғылыми жобалар көрмесі өтті. Бұл шара жас зерттеушілердің ғылыми ізденіске деген қызығушылығын арттырып, өз жобаларын көпшілік алдында қорғауына мүмкіндік берді.

Ғылыми көрмеге физика, химия, математика, биология және қазақ тілі бағыттары бойынша барлығы 22 жоба ұсынылып, 34 оқушы өз зерттеулерін таныстырды. Қатысушылар ғылыми тәжірибелерін, макеттері мен тың идеяларын ұсынса, әділ қазылар алқасы мен көрермендер олардың жұмыстарына жоғары, оң баға берді.