logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жаздың жарқын күндері

02 маусым 2026 16:21

Атыраудағы NIS-те жазғы мектеп өз жұмысын табысты жалғастыруда. Білім мен шығармашылықты ұштастырған бұл алаң оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктер мекеніне айналған.

Әрбір күн көтеріңкі көңіл күй мен сергек бастамадан бастау алады. Таңғы жаттығулар мен заманауи трендтегі көңілді билер балаларға ерекше қуат сыйлап, күні бойғы белсенділікке жігерлендіреді. Ал одан кейін оқушыларды танымға толы қызықты сабақтар мен түрлі шығармашылық іс-шаралар күтеді.

Жазғы мектептің алғашқы екі күнінің өзінде балалар орыс тілі, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, информатика және география пәндері бойынша креативке толы сабақтарға қатысып үлгерді. Әр сабақта оқушылар жаңа білім алып қана қоймай, өз ойларын еркін жеткізіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алды.

Бұдан бөлек, мектеп ауласында ұйымдастырылған «Армандар картасы» жобасы балалардың болашаққа деген мақсат-мұратын айқындауға көмектесті. Ал Movie Time шарасы қызықты фильмдер арқылы оқушылардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне жағдай жасады. Ал, бойдағы талантты шыңдауда арт-терапияның жөні бөлек.

Жазғы мектеп тек білім алу алаңы ғана емес, жарқын әсерлер жинайтын ерекше орта. Алда оқушыларды бұдан да қызықты шаралар легі күтіп тұр.