Жаңалықтар
Арайлым Төреш республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері атанды
04 мамыр 2026 16:20
Петропавл қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 10-12 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж базасында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Білім додасына еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды оқушылар қатысып, өзара бақ сынап, білімдері мен қабілеттерін сарапқа салды.
Аталған байқауда мектебіміздің 11 «Е» сынып оқушысы Арайлым Төреш ағылшын пәні бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, II дәрежелі дипломмен және күміс медальмен марапатталып, мектеп абыройын асқақтатты. Бұл жетістік — оқушымыздың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ жүйелі әрі сапалы дайындықтың айқын көрінісі.
Жеңімпазымызды және жетекшісі Алтынай Каратаеваны ұжым атынан құттықтаймыз!